Роза Рымбаева Ресейде жаңа жүлдеге ие болды

Роза Рымбаева Ресей астанасында “Ұлттық ұлылық” жүлдесінің лауреаты атанды. Кезекті жетістігі туралы Халық артисі желідегі парақшасында хабарлады. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімінің 30 қараша күні өтіп, салтанатты іс-шара мемлекеттік Кремль сарайында болған.

Рымбаеваға берілген дипломда “Абырой мен ар” жүлдесінің лауреаты деп атап көрсетілген. Сондай-ақ, аталған жүлденің мәдениеттің дамуына қосқан теңдессіз үлесі мен өз ісіне адалдығы үшін берілгені жазылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2018 г. 425 0