Сотталушылардан пара алған тергеу изоляторының басшысы ұсталды
Жүйелі түрде пара алып келген Атырау облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 тергеу изоляторы басшысы міндетін атқарушы ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Атырау облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 тергеу изоляторы басшысы міндетін атқарушы, әділет капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті сотталушылардан түрлі деңгейлерде жеңілдіктер жасау үшін жалпы сомасы 678 теңге болатын пара алып отырған», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.