« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастырған «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Оған 16-22 жас аралығындағы 20 талапкер қатысты.
Жастардың шығармашылығын арттыру, оларға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру шараның басты мақсаты болды.
Байқау шарты бойынша жастар әуелі қазақтың белгілі ақындарының шығармаларынан үзінді, екінші кезеңде өздерінің тәуелсіздікке арнаған өлеңдерін оқыды.
Талапкерлер өнерін ақын, педагогика ғылымдарының докторы Рахат Наурызбаева бастаған қазылар алқасы бағалады. Сарапшылар үміткерлердің өлеңді таңдау талғамына, сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, оқу шеберлігі мен сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 4 курс студенті Бекарыс Назар, екінші орынды Ақниет Өмірзақ жеңіп алды. Шиелі ауданындағы М.Шоқай атындағы №41 мектептің 11 сынып оқушысы Бақытжан Өтегенов 3 орынды еншіледі. Сонымен бірге бірқатар жас ақындарға ынталандыру сыйлығы табыс етілді.
Жеңімпаздар арнайы диплом және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |