Дөңгелек үстел өтті

Қармақшы ауданы, Төменарық ауылдық округінде «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған - облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігі.

Дөңгелек үстелде қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы тарқатылды. Ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі Еркін Құсан тұрғындар сұрағына жауап беріп, әдістемелік нұсқаулық таратты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 желтоксан 2018 г. 652 0