« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Сыр перзенті, журналист Мәди Манатбектің есімі елге етене таныс. «Ту ған жерге тағзым» акциясы аясында өңірге келген журналист Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың болашақ журналистеріне «Жаңа медиа: бүгінгі БАҚ және сөз бостандығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Осы кезге дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «BAQORDA media group» ЖШС бас директоры, «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған журналист қазіргі ақпараттар аламанында медиа өнімді сапалы етіп ұсынудың жолдарын баян етті.
– Журналистің азаматтық ұстанымы берік, қоғамның түйінді тұсын тап басатын қырағы, тәуекелшіл болуы еңбегінің өнімді болуының басты себебі. Журналист – қоғамның барометрі. Ол басқалар байқамағанды байқап, ел мәселесіне сергектік танытып, бұқараға жеткізіп қана қоймай, шешімін ұсына білуі қажет, – дейді ол.
Сондай-ақ, журналистердің осы сала бойынша университетте төрт жыл білім алуына қатысты өз пікірін білдірді.
– Журналистің бірінші сабағы – өмірдің өзі. Бүгінде медиа саласы бойынша семинар-тренинг, курстардың көбеюінің себебі осында. Ақындықты мамандық етіп оқыта алмайсың, журналисті де дәл солай. Тілші кәсіби тұрғыда жетілуі үшін өзіндік қабілеті, ұстанымы және тәжірибе қажет, – деді Мәди Манатбек.
Жиында ақпаратты кең көлемде ұсыну үшін интернеттегі, әлеуметтік желідегі аудиторияны да қамту керек екенін еске салды. «Қазақ радиоларын» басқарған уақытта бағдарламалардың әлеуметтік желідегі нұсқаларын да ұсынғанын айтып, тәжірибесімен бөлісті. Семинар-тренинг барысында студенттер сауалына жауап беріп, тілшілік тіршілігіндегі сындарлы сәттерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |