« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бүгінгі уақыт тынысымен сабақтасып жатқан құнды дүние. Себебі, онда өткен тарихымыздың ұлы жолына жан-жақты, байыпты талдау жасалған.
Өткенімізді жаңғырту үшін тәуелсіздік жылдары елімізде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл тұрғыда мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды айрықша айтуға болады. Алайда, Президенттің атап өткеніндей, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөнінде көптеген деректер әлі ғылыми айналымға түскен жоқ. Бұл, әлбетте, ғалымдарды жаңа ізденістерге итермелейді.
Шындығында, әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты Президент «Түркі өркениеттері: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажеттігін айтады. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керектігін атап көрсетеді.
Тәуелсіздік жылдары сын-қатерлерден мүдірмей өттік. Бұған уақыт төреші. Бұл орайда әлемдік көптеген сынақтар алдағы уақытта да алдымыздан шығатынына күмән келтіруге болмайды. Тарих куә, әлемдегі барлық елдер мен халық қандай қиын кезең болмасын, өзінің рухани қажеттілігін екінші қатарға ысырып тастамаған. Осы тұрғыдан келгенде Елбасының мақаласы Қазақстанның жаңа даму кезеңінде біздің барлығымызға жаңа міндеттер жүктеп отырғанын айта кеткім келеді.
Мақала уақыт талабына сай, еліміздің саяси, мәдени, рухани өмірінде дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап беруімен ерекшеленеді. Онда көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарына болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашады деп есептеймін. Бұл ой-толғамды өскелең ұрпаққа, жарқын болашаққа жол десек те болады. Президенттің мақаласын «Ұлы даланың жеті қыры» деп атауының өзі бір үлкен мәні бар дүние. Сол жеті кереметті ашып айтып, біздің өскелең ұрпаққа бағыт беріп отыр.
Мақала барлық білім беру мекемелерінде жас ұрпаққа насихатталып, олардың өз еліне деген сүйіспеншіліктерін, жанашырлықтарын арттырып, рухани тәрбиемен сусындатып отыр. Ал оны насихаттауда бізге – ардагерлерге орасан зор міндеттер жүктеледі. Бұл орайда тиісті іс-шаралар жасалғанын айтқым келеді. Халқымыздың мәдениеті мен тарихы мақтан етуге тұрарлық үлкен байлық.
Елбасы «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі» деп атап өтті. Қорыта айтқанда, мақала тарихтың жаңа даму кезеңінің сұранысына жауап беретін құнды еңбек.
Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |