« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Туған жерге тағзым» акциясы аясында брифинг өтті. Оған ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Берекет Кәрібаев және Алматы қаласындағы «Медициналық жедел жәрдем станциясының» бас дәрігері Сәбит Пазылов қатысты.
Алдымен сөз алған белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жерлестерімен жүздесудің тағы бір сәті түскенін мақтанышпен жеткізді.
– Өткен жылы туған жерге келгенімізде өзіміздің жерлесіміз, КСРО Халық әртісі Роза Бағланова атындағы республикалық байқауды Сыр елінде ұйымдастыру жайлы ой білдірген едік. Жергілікті азаматтардың оны ескергеніне ризашылық білдіремін, – деді ол.
Жалпы, халықаралық, республикалық байқауларда Сыр елінің атынан қатысатын өнерпаздар таланттарын дәлелдеп келеді. Әрбір перзент өзінің туған жеріне қызмет етуі парыз. Жастарды еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге баулу керектігін жеткізген композитор биыл Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына «Сыр елі» әнін тарту еткен.
Брифингте тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев соңғы кездері елімізде рухани жаңғырудың серпілісі жүріп жатқанын айтты. Жақында шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы осы бағыттағы бастамаларға жан бітірмек.
– Елге келіп, «Туған жерге тағзым» акциясына қатысып жатқаныма қуаныштымын. Қазіргі кезде өзге өңірде қызмет етіп жүрсек те, облыста өткізіліп жатқан шаралардан қалыс қалмауға тырысамыз, – деп сөзін бастаған Сәбит Пазылов аймақ медицинасының қарқыны жайында айтты.
Медицина саласында Сыр елінен шыққан білікті мамандар жетерлік. Сонымен бірге соңғы кезде бұл салаға қолдау ерекше артқан. Аймақта бес жыл көлемінде медициналық мекеме 64 процентке жаңартылды. Оның ішінде өткен жылы Қазалы ауданында жаңа аурухана ел игілігіне берілді. Биыл жыл басында Аралда аурухана іске қосылса, жыл аяғында Шиелі ауданында жаңа нысанның құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, облыс мемлекеттік жекеменшік-әріптестік аясында атқарылған жұмыстар бойынша алдыңғы орында тұр.
Бүгінгі күні Қызылордада жүрекке жасалатын ангиография яғни, жүрек тамырларын тексеретін аппарат тек облыстық медицина орталығында ғана болса, жақында қол қойылды меморандумға сәйкес республикада бірінші болып, біздің аймақта мұндай қондырғы аудан орталығында іске қосылмақ. Белгілі дәрігер акция аясында кешеден бері тұрғындармен кездесіп, кеңес беріп жатқанын жеткізді. Мәселен, облыстық медициналық орталықта екі отаға атсалысқан. Бұрын күрделі оталарды Алматы, Астана қалаларында жасайтын болса, енді өзімізде де жасауға толық мүмкіндік барын да тілге тиек етті.
Сара АДАЙБАЕВА,
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |