« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылады.
Өткен жылдарда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жүйе құрылды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық салауатты күштері жұмылдырылған және оның саны өсе түсуде.
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін бас бостандығынан айырумен қатар айыппұл санкциялары, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүліктерін тәркілеу қолданылады. Мемлекеттік қызметке сыбайлас жемқорлық қылмыс пен заң бұзушылық жасаған тұлғаларды қабылдауға тиым салынған, оларды жұмысқа алған басшылардың жауапкершілігін тудыратын норма қарастырылған.
Қазір әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде.
Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатындағы жұмыстарды өз дәрежесінде сапалы және уақытылы атқару, оны қазіргі заманауи талаптарға сәйкестендіру барысында қазынашылық жүйесінде көптеген өзгерістер енгізілді. Мәселен, бірнеше жыл бұрын «Қазынашылық – Клиент» атты мемлекеттік мекемелер арасындағы электронды «құжат айналымы» жобасының тұсауы кесілді. Бұл уақыт талабынан туған, қаржыны басқарудың халықаралық тәртіптеріне сай келетін шешім еді. Осы жобаның арқасында республика бойынша барлық операциялардың ашықтығына қол жеткізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету уақыты қысқарды, қағазбастылық азайды, қаржылық құжаттарды өңдеу сапасы жақсарды, операциялық және әкімшілік шығындар кемиді.
Жаңа жүйе құжаттарды қабылдау мен өңдеу бойынша мекеменің функцияларын автоматтандыруға жол ашты. Бюджет қаражаттарын атқару барысында санкцияланбаған іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында мемлекеттік мекеменің басшылары мен бас есепшілері тарапынан «Қазынашылық – клиент» ақпараттық жүйесін жетілдіру мақсатында жұмыс жасайтын ескі операциялық жүйенің орнына жаңа Каz Token, e Token, ja Carta электронды цифралық қолтаңба құрылғылары енгізіліп, бүгінгі таңда барлық мемлекеттік, квазимемлекеттік мекемелер толығымен осы жаңа жүйемен жұмыс атқаруда.
Мемлекеттік мекемелер қашықтықтан қызмет көрсететіндіктен, жұмыстың тиімділігі арта түсті. Әкімшілік кедергілер әлдеқайда азайып, адами фактордың кесірінен болатын қателер де кеміді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес қаржылық құжаттарды өңдеу уақытын кезең-кезеңмен 8 сағаттан 4 сағатқа дейін төмендету көзделген. Қазіргі таңда Қазынашылық департаментінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңына сәйкес іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті техникалық сабақтар жүйелі жүргізілуде. Сонымен қатар, сенім телефоны үздіксіз жұмыс істейді. Қызметкерлердің халықпен жұмыс жасауда мәдениеттілігі мен ашықтығы, заңдылықты сақтауы күнделікті назарда ұсталады. Расында болашағымыз жарқын болу үшін таза қоғам құруды әрбір азамат өзінен бастауы тиіс. Елбасымыз баршамызға ұлтқа мінсіз қызмет етудің лайықты үлгісін көрсетіп отыр. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс.
Ә.ДҮЙСЕНБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша
Қазынашылық департаментінің басшысы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |