« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мен аймақтағы дарынды шығармашыл жастарға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар пысықталды.
– Елбасы жуырда «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады, біз оны ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі ретінде ауқымды «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген бағыттардың жалғасы деп қарауымыз керек, – деді жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев.
Жиын барысында Елбасының мақаласы аясында облыстық «Мирас» кеңесінің мүшесі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы баяндама жасады.
Елбасы өз мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жасау мен бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Осы бағытта облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ерсұлтанов толығырақ айтып өтті.
– Мазмұны бай, деректік жағынан терең архив қорын қалыптастыруда 90 жылдық тарихы бар Сыр елінің архив саласы қарқынды дамуда. Облыс әкімінің қолдауымен 2010 жылдан бері «Электронды архив» бағдарламасын енгізіп, архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіре бастадық. Осы уақытқа дейін архив құжаттарының 13 пайызы сандық форматқа өтті. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік архивтерге зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жасау бүгінгі күннің талабы. Бұған дейін 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыстың мемлекеттік архивінде еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты отандық және шетел архивтерінен 160 құжаттың көшірмелері алынды, – деді Әділбек Ерсұлтанов.
Жетіжылдық бағдарлама аясында Өзбекстан, Ресейдің Орынбор, Мәскеу, Екатеринбург, Санкт-Петербург мемлекеттік архивтеріндегі қазақтардың шығу тарихы, қазақ хандықтары, Сыр өңірі тарихына қатысты құнды құжаттардың көшірмелерін Ұлттық архив қорына қабылдап, көпшілікке қолжетімді етіп, цифрлық форматқа енгізу жоспарланып отыр.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |