КЕЛЕЛІ ЖИЫН – КЕМЕЛ ОЙ

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай “Достық үйінде” “Тәуелсіздік – ел тілегі, Елбасы – ел тірегі” атты шара өтті. Этномәдени орталықтарының басшылары мен белсенділері, облыстық ҚХА құрылымдарының мүшелері, жоғары және орта білім беру орындарының мұғалімдері қатысқан жиында Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласының өзектілігі мен маңыздылығы, тәуелсіздіктің құндылығы мен рухани жаңғырудың  мәні кеңінен талқыланды.

Жиын Елбасы өмірінен сыр шер­тетін бейнеролик көр­сетілімінен бастау алды. Мұнан соң  Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың “Құқықтану” ка­федрасының доценті, заң ғы­­лымдарының кандидаты Мә­дина Жүсіпбекова Елбасы­ның құқықтық мемлекетті қалып­тастырудағы орнын  сөз етті.

–  Тәуелсіздігімізді алып, еге­мендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, оның әлем елдері алдындағы беде­лінің артуы Елбасы бастаған қазақстандықтардың қажырлы ең­бегі екені баршамызға аян. Бүгінгі күні мемлекетімізде қа­лыптасқан  саяси-құқықтық ре­жимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізі­ліп, саяси шешімдер мен нор­ма­тивтік реформалар қабыл­данып келеді. Оның барлығы ел игілігі жолында жасалған игі бастамалар. Мәселен, “Ең­бек кодексі”, “Қылмыстық іс жүргізу кодексі”, “ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” туралы Заңының қа­былдануы мен “Қазақстан Рес­публикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлығының шығуы еліміздегі саяси-құ­қық­тық жүйеге қатысты  ре­фор­малардың қажеттілігін жә­­не өзектілігін көрсетеді. Сон­­дықтан құқықты жүйе­ні қа­лып­тастыруда Елбасы­ның рөлі зор, – деді М.Қойшы­бай­қызы.

Мемлекет басшысы Н.На­зар­баев “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында тарихи сананы жаңғырту үшін ежел­гі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын бар­лық отандық және шетелдік мұ­рағаттарға зерттеу мақса­тында тың ұсынысты алға тартқаны белгілі. Ол «Архив-2025» бағ­дарламасын жасау. Бұл ретте облыстық тарихи-өлкетану му­­зейінің мұрағатшысы Аман­күл Қапанова баяндама жасаса, еліміздің әлем елдері ара­сындағы беделі, ішкі тұ­рақ­тылық пен экономикалық да­муындағы Елбасы жүргіз­ген сарабдал саясаттың нәти­жесі турасында Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пә­ні мұғалімі Нұркен Әбді­жалиев баян етті.

Басқосу соңында жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, “Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстан” атты кітап көрмесін тамашалады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2018 г. 479 0