ЕЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні елдікті ту еткен мерекеге айналуда. Айтулы мерекеге орай, кеше А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Елімнің бағы – Елбасы» атты жиын өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысты.

– Бұл күн барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын мереке. «Тарихты тұл­ға­лар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалары бар. 1991 жылы 1 желтоқсанда мем­лекет тізгінін Нұрсұлтан Назар­баевқа сеніп тапсырған ел үміті ақталды. Қазақстан ширек ғасырда бірлігі мен берекесі жарасқан нағыз тәуелсіз елге айналды. Ұлт көшбасшысы қазақ елін әлемдегі барша жұртпен достық байланыс орнатқан еңсесі биік мемлекетке айналдыра білді, – деді қала әкімінің орынбасары.

Мерекелік шарада Мемлекет бас­шысының тағылымды өмір жолы, егемен елдің қол жеткізген табыстары туралы бейнебаян көрсетілді. Елбасының сүйіп тың­дайтын әндері шырқалып, «Сырлы сөз» халықтық фольк­лорлық ансамблі халық композиторларының шығар­маларын орындады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2018 г. 377 0