« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кеше Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті жерлерде ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талқылау мақсатында облыстық семинар өткізілді.
Аталмыш семинарға Қызылорда қаласы мен қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, филолог-ғалымдар, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинардың күн тәртібіне сәйкес «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және алдағы міндеттер» тақырыбында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы А. Әбжәлиева, «Тілдерді дамыту мәселелері» тақырыбында Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж. Отарбаева және «Жаңа әліпби ережелерін меңгерту мәселелері» тақырыбында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А. Абасилов баяндама жасады.
Аталмыш семинар соңында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытында ұсыныстар берілді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |