Облыс әкімі Тони Блэрмен кездесті

 Облыс әкімі Тони Блэрмен кездестіҮстіміздегі жылдың 22 мамыры күні VII Астана экономикалық форум аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрмен кездесті.
Қос тарап экономикалық өсім және реформалар жолында Қызылорда облысын қолдау бойынша өзара серіктестік мәселелерін сөз етті. Атап айтқанда, өңірде металлургия саласына және «САРАТС» жобасының екінші фазасын жүзеге асыруға жетекші халықаралық инвесторлар тартудың жайын талқылады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 мамыр 2014 г. 728 0