Жетістікке жету сырымен бөлісті

«Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазалы ауданында «Батырлар жолы» тақырыбындағы кездесуін ұйымдастырды.

Тағылымды шара барысында  гандболдан республикалық чемпионатының 3 орын иегері, республикалық деңгейдегі төреші-тренер Нұрсұлтан Досанов жетістікке жету, арманға қадам басып, мақсатқа қол жеткізу сырымен бөлісті. Шара соңында жастар спортшымен естелік суретке түсіп, таңданыспен тарқасты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2018 г. 345 0