Жастармен кездесті

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысымен «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» ә жобасы аясында Жалағаш ауданының мәдениет үйінде «Батырлар жолы» тақырыбындағы кезекті кездесуін өткізді.

Аталған шара жастармен байланыс орнату, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында  Біржан Көштаев жастарға өсиетін айтып, келер буын - болашақтың тұтқасы екенін жеткізді. Шара соңында жастар ардагерлермен естелік суретке түсіп, ізгі тілектерін білдірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2018 г. 460 0