Жастар әлеуметтік жобаларды талқылады

Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметттік жобасы аясында  Байқоңыр қаласының жастарына және жастар ұйымдарына арналған оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинарын «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жастар бағыты бойынша маманы, медиа-координатор Еркін Құсан жүргізді. Семинар барысында  «Жастарға бағытталған әлеуметтік жобаларды талдау» тақырыбы бойынша оқыту тренингтері өткізілді. Семинар соңында  қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қараша 2018 г. 540 0