Көшбасшылық дағдыларды дамыту

Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында  Байқоңыр қаласының жастарына және жастар ұйымдарына арналған оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинарын «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жастар бағыты бойынша маманы, медиа-координаторы Еркін  Құсан жүргізді. Семинар барысында  «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» тақырыбы қаузалды. Әдеттегідей, шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қараша 2018 г. 482 0