Былтыр ұл балалар көбірек өмірге келген

Былтыр ұл балалар көбірек өмірге келгенСыр өңірінде дүниеге келген нәрестелер арасында ұл балалардың саны басым болып отыр. Былтыр облыста ұл балалар көбірек өмірге келген екен.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2013 жылы біздің өңірде 19675 шарана әрбір шаңыраққа шаттық сыйлаған екен.  Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға төмен, сол жылы 20225 нәресте өмірге келген. Өткен жылы 10217 ұл, 9458 қыз жарық дүние есігін ашты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда ұлдар 3,1, қыздар 2,3 пайызға аз. 
Қызылорда облысы бойынша 2014 жылдың басында әйелдердің саны 370,2 мың  (50,1 пайыз), ерлер саны 369,5 мың адамды   (49,9 пайыз) құрады.  Сыр өңірінде 1000 ер азаматқа 1002 әйелден келеді. 2000 жылдан облыс аймақтары бойынша халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы   65,6-69,5 жасты  құраса, оның ішінде әйелдер үшін 69,9-74,1 жыл, ерлер үшін 60,8 – 65,3 жыл шегінде болып отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 мамыр 2014 г. 739 0