
16-24 қараша аралығында Ташкентте шахматтан Батыс Азияның халықаралық турнирі өтті. Оған 11 мемлекеттен 530 шахматшы қатысты.
Бұл сында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген қос шахматшымыз 6 медальді иеленді.
Əсел Серікбай блиц пен рапидтен қос алтын алса, классикадан күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар ол классика нəтижесі бойынша халықаралық шебер нормативін де орындады.
Ал Назерке Нұрғали блиц пен рапидтен күміс, классикадан қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы 15 медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленген.