
Жақында «Достық үйінде» облыстық «Wiedergeburt» неміс қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Алтын дән» мерекесі өтті.
Германия мемлекетінде де бұл мереке күзде, бірақ әр аймағында өзіндік жергілікті дәстүрге қарай әртүрлі тойланады екен. Ежелгі заманнан бері мереке күзде жиналған астық үшін жер мен табиғатқа алғыс білдіру мақсатында өткізілетін болған. Үй мен пәтерлер бидаймен, жемістермен, жүзіммен және түрлі-түсті күздік жапырақтармен безендіріледі. Оған қоса астық көрмесін ұйымдастырып, түрлі өнімнен сәнді киімдер мен бұйымдар жасайды. Көше мен алаңда жанды дауыспен әндер шырқалып, сайыстар өтеді.
Мерекеге орай «Достық үйінің» фойесіне көкөністер мен жеміс-жидектерден жасалған бұйымдардың көрмесі дайындалды. Көрмеге басқа да этномәдени орталықтардың мүшелері белсене атсалысты. Қонақтарға арнайы дастархан әзірленіп, мерекелік шарада «Гүлдер биі» биленді.
Шара соңында облыстық «Wiedergeburt» неміс қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Ирина Шек көрмеге қатысқан барлық облыстық этномәдени орталықтардың мүшелеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
«СБ» ақпарат.