Интеллектуалдық сайыс

  «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Татуласу орталығында интеллектуалдық сайыс өткізді.

Білім бәйгесіне «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағы, «Жасыл ел» еңбек жасағы, Қазақстан студенттерінің альянсы, «Қызылорда Ақиқат-Айнасы» ЖҚБ мүшелері қатысты. Шара барысында қатысушылар түрлі логикалық және ҚР Қарулы күштері тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. Шара соңында ең жүйріктер марапатталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қараша 2018 г. 455 0