ҚАЗАҚ КҮРЕСІ. БАЛУАНДАР БЕЛДЕСУІ.

30 қараша - 1 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында ҚР көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері Т.Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.
Биыл жетінші мəрте ұйымдастырылатын турнирге Алматы, Байқоңыр, Шымкент қалаларынан Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан 2004-2005 ж.т. 300-ден аса ұлдар мен қыздар 12 салмақ дəрежесінде сынға түседі. Ұлдар 9 салмақ, қыздар 3 салмақ.
Спортшылардың қатарында ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Жарыс 30 қараша күні сағат 10.00-де 1ОРМБЖМ залында басталса, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді. 1 желтоқсан сағат 10.00-де финалдық белдесулер басталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қараша 2018 г. 529 0