« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
"Халық банк" пен "Казком", өздеріңіз білетіндей, жақын арада қосылып бір банкке айналды. Екі банк жүйеcі біріккен кезде біршама өзгерістер орын алып, біраз қиыншылықтар туындағаны рас. Міне, осы орын алған кемшіліктерді түзеп, "Халық банк" қызметтерін қолданушылардың мүмкіндігін арттыру мақсатында #JanaHalyk атты жақсарту бағдарламасын іске қосты.
#JanaHalyk атты жақсарту бағдарламасы аясында бүгін, яғни 28 қараша күні, Halyk Bank бірнеше жаңа қызметтер ұсынды. 9 900 000 тұтынушысы бар банк үшін бұл өзгерістер оң қадамға бастары анық. Сонымен, Halyk Bank қандай өзгерістерді іске қосты:
ApplePay. Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard карталарын ұстаушылар өз тұтынушыларына жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз қызмет ұсына отырып, мобильді төлемдер саласын жаңа деңгейге шығаратын жеңіл әрі қауіпсіз төлем құралы Apple Pay арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу мүмкіндігін ұсынды. Бұл дегеніңіз, сіз кез-келген жерде контактысыз телефоныңыз арқылы төлем жасай аласыз. Apple Pay қызметін іске қосу өте оңай: клиенттер Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard картасын Homebank қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы төлем қызметіне қоса алады. Дүкендерде Apple Pay арқылы төлем жүргізу үшін iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі жаңа үлгілерді, сонымен қатар Apple Watch қолдануға болады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |