« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
80 қазақстандық "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша кредит алуға өтінім жасады, - деп хабарлайды BNews.kz "Баспана" Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде сомасы 257 миллион теңге болатын 30 өтінім мақұлданды. Мақұлданған 30 өтінімнің 14-ін Астана тұрғындары берген. Қазақстан бойынша ипотекалық кредиттің орташа сомасы 8,5 млн теңгені құраса6 Астана қаласы бойынша орташа сома 11 млн теңге шамасында.
"Баспана Хит" азаматтарға 11% жылдық үстемемен бұған дейін қолданыста болған үйлерді алуға мүмкіндік береді (пайыз мөлшерлемесі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне тәуелді). Дәл қазіргі уақытта барлық өтінімдер "Цеснабанк" АҚ тарапынан қабылданып, мақұлданды", - делінген хабарламада.
Бүгінгі күннен бастап "Қазақстан халық банкі" АҚ "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауға кірісті. Сондай-ақ, алдағы желтоқсан айында бағдарламаға Еуразиялық банк, ЦентрКредит банкі, Forte Bank, Bank RBK және Сбербанк қосылады. Сбербанк сонымен бірге "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламаларын бір уақытта іске қоспақ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |