«RoboFOOTBALL» сайысы өтті

Партияның "Цифрлы партия" жобасы аясында "Сәулет" БПҰ-на қарасты «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінде «RoboFOOTBALL» ойыны бойынша білім алушылар арасында сайыс өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты- жаңа ақпараттық ІТ технологиясы бойынша жеке тұлғаның дамуы мен шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында білім алушылардың ой - өрісін дамыту, танымдық көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Сайыс командалық топтар арасында жүргізілді. «LEGO» Mindstorms EV3 моделіндегі роботтармен жұмыс нәтижесін көрсету бағыты өте жақсы көрсетілді. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді, оған І және ІҮ курс білім алушылары қатысып, нәтижесінде І орынды ВТиПО-28, ІІ орынды ВТиПО-26 оқу тобы, ІІІ орынды ЭЕМ-27 оқу тобының білім алушылары жеңіп алды.
Тартысты өткен сайысқа студенттердің қызығушылықтары артуына байланысты, партия жобасы аясында өткізілген сайыс алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2018 г. 583 0