«Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған пікірсайыс турнирі басталды

Бүгін облыс орталығында  «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған пікірсайыс турнирі басталды. Оған еліміздің 12 аймағынан пікірсайысшылар қатысады. Айта кету керек, пікірсайыс турнирі "НұрОтан" партиясы  облыстық филиал төрағасы, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен өткізіліп отыр.

Шараның ашылу рәсімінде «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес сөз алып, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі. Жиын барысында өткен жылы ұйымдастырылған «Нұр Отан» партиясының республикалық ауыспалы кубогі пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары Сабыржан Кеңшілік және Уәлихан Тұрарбекұлы дебат ережелеріне тоқталып, төрешілермен таныстырды. Екі тілде өткізілетін пікірсайыстың қазақ лигасында бас төреші Сабыржан Кеңшілік, орыс лигасында Ардақ Аукенов бекітілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2018 г. 711 0