« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қызметкеріне пара бермек болған қызылордалық азаматтың бір жылға бас бостандығы шектелді.
Ол Қызылорда қаласының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Соған байланысты Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне қамқоршылық жасау үшін 250 мың теңге көлемінде пара беруге ниет танытқан.
– Оны Мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы ұстады. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды, – деп хабарлады облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Бақыт Орданова.
Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен мемлекеттік органның лауазымды қызметкеріне пара беру әрекеті үшін бұл азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айырылды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |