
«Сана» зияткер жастар мектебі қоғамдық қорының және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар саясатын жүзеге асыру» атты семинар-тренинг өтті.
Жастар саясаты жұмысының дамуына қызығуышылық білдіргендердің іс-әрекетін үйлестріп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру тиімділігінің индикаторларын жетілдірудің жолдарын, жастар саясатындағы басты міндеттерінің қалыптасу жолы мен құрылымындағы нақты мәселелерді шешу мақсатында өткен тренингке қала, кент және ауылдық округ әкімдіктеріндегі жастар ісі жөніндегі мамандар қатысты.
Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жүйесін талқылап, қоғамдық - саяси өмірде жастардың әлеуметтік-мәдени ортадағы рөлі мен орынын талқылаған семинар-тренингті «Сана» зияткер жастар мектебі» ҚҚ төрағасы, ұлттық тренерлер пулінің мүшесі Сабыржан Кеңшілік жүргізіп, мамандарға тың-идеялармен қызықты мәліметтерге толы бағыт-бағдар беріп, әр түрлі ойындар ойнатылды. Соңында қатысушыларға қысқа мерзімді оқыту бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табыстады.