Кәсіби мереке аталып өтілді

Жалағаш ауданы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жалағаштықтарды ұлттық валютаға 25 жыл толуымен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Ұлттық валютаны айналымға енгізу – Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуына, дербес қаржы-несиелік саясат жүргізуге, нарықтық қатынастарға бетбұрыс жасап, әлеуметтік-экономикалық дамуға зор үлесін қосты, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ, «Жалағаш аудандық бюджетінің салықтық түсімдері жылдан-жылға ұлғайып келеді. Салықтық түсімдер көлемінің ұлғайғаны аудандық бюджет кірісінің көлемінің өсуіне ықпал жасады. Атап айтқанда, 2010 жылы аудан бюджеті 4 млрд 112 млн-ды құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 8 млрд 385 млн-ды құрап, екі есеге ұлғайып отыр», - деді.
Салтанатты жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар мен сала ардагерлері аудан әкімінің құттықтауымен марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты шарада аудан өнерпаздары мен облыс орталығынан келген «Самұрық» би тобы өз өнерлерін ортаға салып, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қараша 2018 г. 528 0