
Бүгін Достық үйінде Өзбекстанның Қазақстандағы жылына орай “Қаны бір елім, жаны бір елім” атты концерт өтті.
Шараның мақсаты – Навои облысы мен Сыр елі халқының достығын бұдан әрі дамыту, өзбек халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, түрлі этностардың рухани және эстетикалық құндылықтарына толерантты көзқарас қалыптастыру және ұлтаралық қатынастарды нығайту.
Навои облысынан өңірге 20-дан астам өнерпаздар келді. Кеште Өзбекстандағы қазақ әншілерінің әндері шырқалып, өзбек халқының ұлттық билері орындалды. Осылайша, айтулы шарада өнерпаздар Сыр аспанын әнмен көмкерді.