« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылатын «Үштілділікті насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында тіл мамандары мен білім саласының қызметкерлерінен құрылған ақпараттық-насихаттық топ қала және аудан тұрғындарының арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, үштілділік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында көшпелі семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Шара барысында Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ә.Бахытова, облыстық оқу орталығының әдіскері Ж.Сыздықова, №15 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж. Қасымова, №211орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Тұрсынбай, №23 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г. Менетаевалар тіл мәселесі, үштілділік жайлы баяндамалар жасады.
Шараға қатысушылар, мектеп ұстаздары үштілділік жайлы көкейтесті сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алады.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға үштілділікке қатысты әдістемелік құралдар үлестірілді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |