| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мемлекетаралық пойыздардың жолаушыларына жеңілдіктер берілетінін мәлімдеді. Жеңілдігі бар билеттерді сату басталып та кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жеңілдік беру науқаны 2019 жылдың 2 қаңтарынан 28 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жолаушылар пойыз жүргенге дейін 45 күн бұрын билетті базалық құнынан 58% арзанға ала алады. Ал пойыздың жүру уақыты жақындаған сайын, бос орындардың азаюына байланысты, билеттің бағалары да қымбаттай түседі.
Жеңілдіктер пойыздың жолға шығар уақытының алыс-жақындығына байланысты, билеттің базалық құнынан 58%, 55%, 45%, 35%, 25% және 15% болып белгіленген.
Бұл ретте атап өтерлігі, аталған жеңілдіктер халықаралық бағдардағы пойыздарға ғана беріледі, мемлекет ішіндегі рейстерге, сондай-ақ ұжымдық жолаушылар тобына таратылмайды.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |