«САУДА ҮЗДІГІ-2018» байқауы өтуде

«Сауда үздігі-2018» республикалық конкурсы биылғы жылы Сыр өңірінде өтуде. Конкурстың біздің өңірде өтуінде мән бар. Конкурс ережесі бойынша байқаудың өткен жылғы қорытындысында бас жүлде иеленген облыста  ұйымдастырылады.  Ал, өткен жылы «Сауда үздігі-2017» республикалық конкурсының бас жүлдесін сырбойылық «Абзал-и К» толық серіктестігі иеленген болатын.
  2002 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл конкурс «Бөлшек сауда саласындағы үздік кәсіпорын», «Көтерме сауда бойынша үздік кәсіпорын», «Үздік сауда үйі», «Үздік ойын-сауық, сауда-саттық орталығы», «Үздік демалыс орны» және тағы басқа номинациялар бойынша өтуде.
- Сыр өңірінде «Сауда үздігі-2018» байқауы өтіп жатыр. Біздің өңірімізден 26 кәсіпорын қатысуда. Бүгін байқаудың жеңімпаздары анықталатын болады»,- дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Д.Болатбеков.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
«Сыр бойы»
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2018 г. 730 0