
19 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсының» қорытынды кезеңін өткізді.
Аталған байқаудың іріктеу нәтижесі бойынша, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты, қаумдастырылған профессор Насимов Мұрат Өрленбайұлы үздік 10 жоба қатарынан табылып, «Гран при» номинациясына ие болды.
Бұл байқаудың өңірлік кезеңі Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг» бөлімінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 29 тамызында өткізілді. Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша Насимов Мұрат Өрленбайұлының «Жаңа технологиялық тәртіп шарттарындағы ақпарат және киберәлеуметтену» атты еңбегі жоғары бағаға ие болып, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы тарапынан республикалық байқауға жіберуге ұсынылды.
Бұған дейін өткізілген өңірлік конкурстардан 1 орындарды иеленіп жүрген Мұрат Өрленбайұлы, осы жылы Республикалық деңгейде облысымыздың абыройын асқақтатып, аймақтағы жас ғалымдарды ынталандырып, жігерлендірді.