Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста!» кіші бағдарламасы аясында департамент облыстық білім басқармасымен және облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе отырып мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырды.Экскурсия барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері облыстық тарихи-өлкетану музейіне және «Рухани жаңғыру» орталығында орналасқан жаңа қалалық музейінде экспозициялармен танысты.
Онда оқушылар музей қорындағы тарихи жәдігерлермен танысып, түрлі сұрақтар қойып, көптеген сауалдар бойынша мағлұматтар алды.
Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Мұз айдыны» спорт кешенінде тегін коньки тебу шарасын ұйымдастырды.

Спорттық шараның басты мақсаты – облыстағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылды.