Департаментте көрме ұйымдастырылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында департаменттің фойесінде қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертетін суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде департамент қызметкерлері мен келушілер көркем сурет галереясының қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен танысты.
Алдағы уақытта «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы бойынша жұмыстар ары қарай облысымыздың мемлекеттік органдарында да өз жалғасын табатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2018 г. 622 0