« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
78 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Надежда Андреевна Лушникова дүниеге келді.
Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Қазақ арасында тәрбиеленіп, қазақша оқып, білім алған. Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педучилищені, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Өлеңді жазып та, суырып та шығарады. 1963 жылы Қызылордада облыстық айтысқа қатысып жүлдегер болған. Шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілді («Айтыс», режиссері Т.Дүйсебаев). Жамбыл аудандық, Алматы облыстық айтыстарға қатысып, қарсыластарын жеңген. 1985 жылдан Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ү.Кәрібаев мұражайының бас ғылыми қызметкері, директоры қызметтерін атқарған.
Алғашқы өлеңдері Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде 1958 жылы жарияланды. Өлең-жырларының жинағы екі дүркін жеке жинақ болып («Елім менің», «Көңіл хошы») басылды. Сол жинағы үшін Қазақстан комсомолының сыйлығы берілген. «Сағынарсыңдар мені де», «Қазақтың бір қызымын» атты кітаптары жарық көрген. Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |