
12-20-қарашада Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері мен Аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп, 2018-2019 жылғы жылу беру маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жосалы кентінде орналасқан 250 мектеп-лицейі, №26 және 183 орта мектебінің 98 оқушылары мен 26 мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында аудан көлемінде орын алған тұрмыстық өрттер мен көмір-қышқыл газынан улану факторларына тоқталды және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шаралары» тақырыбында үнпарақтар таратылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында күндізгі оқу түріне қабылдау бойынша қосымша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Қармақшы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімі