Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік

Күз-қыс  кезеңі  басталысымен сонымен қатар су айдындарында мұз қату кезеңінде өзекті және күрделі  болып қауіпсіздік мәселесі туындайды.

Тәжірибе көрсеткендей, су айдындарында адамдардың қайғылы оқиғаларға тап болуы, негізі халықтың қауіпсіздік ережелерін білмегендігі және немқұрайлы қарағандығынан туындайды. Сондықтан халықты оқыту құтқарушылар үшін басты міндет.

2018 жылғы 19 қараша күні Қызылорда облысының Сырдария және Арал аудандарында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары қысқы кезеңде қауіпсіздік  ережелерін сақтау бойынша балықшылар мен орта мектеп оқушыларының арасында алдын-алу профилактикалық шараларын өткізді.

Іс – шара барысында құтқарушылар қыс кезеңінде су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі сипаттады, сондай-ақ төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.

Құтқарушылар балаларға қатпаған мұзға шығудың қауіп-қатерін еске салып, қиындыққа тап болған адамды қалай құтқару керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, құтқару қызметінің 112 нөмірін дұрыс теруді үйретіп және қыс мезгіліндегі су айдындарында қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтарын таратты. Балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы парақшаларын таратты.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары ескертеді:

Еш уақытта жұқа мұзға шығуға және мұздың қалыңдығын аяқпен теуіп тексеруге болмайды! Бұл үшін таяқшаны қолдану керек, мүмкін болса мұзға шықпаған жөн, әсіресе балаларға қатысты. Бұдан басқа, мұзда үлкен топтарға бір жерде жиналуға, мұзға секіріп, жүгіруге тыйым салынады.

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2018 г. 592 0