Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғам және мемлекет : Диалог. Ынтымақтастық. Сенім» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері, Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  және «Нұрлы бағдар» қоғамдық қорының президенті Р.Бекеева,  «Самұрық - инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Ж. Тусмағамбетов, «Туған жер қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының жетекшісі Қ.Ерімбетова, Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қорының директоры О.Чербакова қатысты.
Жұмыс кездесуін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет майоры Т. Тұрсынбаев ашып,  күн тәртібіндегі сұрақ бойынша баяндама жасау үшін сөз кезегін ҚАЖ департаменті сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы әділет капитаны Ж. Есмахановқа берді. Өз кезегінде әділет капитаны Ж. Есмаханов тақырыпқа сәйкес азаматтық қоғам мен мемлекеттің, оның ішінде, Ішкі істер министрлігіне қарасты құрылымдардың  қарым-қатынасына, құқық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыру бағытындағы азаматтық сектормен өзара іс-қимылдар жөнінде мағлұмат берді.
Келесі кезектерде сөз алған үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қатысушы қызметкерлер салалық бағыттары бойынша атқарылудағы іс-шаралар жөнінде ақпаратпен бөлісті, пікір алмасты.
Кездесу соңында бүгінгі таңда облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдармен ішкі істер бөліністерінің өзара іс-қимылы қанағаттанарлық деңгейде екендігі айқындалып, алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жалғастырылатындығы жөнінде қатысушы тараптар мәмілеге келді.
 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2018 г. 552 0