ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ АЙҚЫН БАҒДАРЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде ұсынылған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Ұлы дала өркениеті мен көшпенділер мәдениеті ерекше айтылған.
Өткен тарихымызды айғақтайтын атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» деп Елбасы нақтылап көрсетіп отыр. Ұлттық рухты оятатын құндылықтарымызды көпшілік ерекше ықыласпен қабылдайтыны анық.
Халқымызда ежелден жылқы малының қадір-қасиеті айрықша. Ерте кезден ер балаларды атқа отырғызуға тәрбиелеген.
Сондай-ақ, бұл мақалада қазақ жері - сан алуан металл кендеріне бай алғашқы орталықтардың бірі болғандығы және Ұлы даланы мекендеген Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті мен мұрасының жарқын көрінісі, рухани байлығының айшықты белгісі - «аң стилі өнері» болғандығы баяндалған.
Жалпы Елбасы мақаласында көрсетілген Ұлы даланың жеті қыры тарихи тарихи санамыз бен ұлттық болмысты жаңғыртуға бағытталған. Тарихты білмей, ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мүмкін емес.

Темір Бисенбаев,
Арал аудандық мәслихатының
депутаты
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2018 г. 493 0