Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Қызылтам елді мекенінде тұратын 40 жастағы Е.Баймаханов Қалияр көліне шомылардың алдында ажалым судан болады деп ойламаған шығар. Сол күні ол түнгі сағат 03.02-де тілсіз жаудың құрбанына айналды.
Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 19 мамыр күні орын алған. Бұл жағдай құлағына тигеннен кейін дереу іске кіріскен облыстық ТЖД қарасты судан құтқару қызметінің мамандары оның жансыз денесін 11.30-да жағаға алып шықты. Оған аталмыш қызметтің 3 маманы қатысып, оған 1 техника пайдаланылды.