
20 қарашада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өңірде алғашқы Облыстық медиаторлар слеті өткізілді.
Шараға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Шотаев Серік Есіркепұлы, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық медиатор Әбішев Сайлаубай Әбішұлы, қалалық және аудандық кәсіби медиация ұйымдарының өкілдері мен қоғамдық медиаторлар қатысты. Модератор – «Қоғамдық келісім» КММ директор Ибраев Уәлихан Серікұлы.
Шараның барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С. Шотаев облыстағы медиация институтының даму барысы туралы тоқталып, 2017 жылы өңірде 48 кәсіби және 343 қоғамдық медиатор тіркелген болса, 2018 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша қаладағы және аудандандарғы кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың тізімін қайта жасақтау, тексеру жұмыстары нәтижесінде 57 кәсіби және 615 қоғамдық медиатор тіркелгендігін жеткізді.
Слет аясында Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық медиатор Сайлаубай Әбішев, «Бітім» медиация орталығының тренер-медиаторы Ләззат Бақтыбаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, кәсіби медиатор Жанат Исаева хабарлама жасап, өз ұсыныстарын енгізді.
Іс-шара пікір алмасумен жалғасып, слеттің қатысушылары өңірде медиация институтын дамыту, медиатордың мәртебесін арттыру және т.б. бағытында ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, өңірдегі медиация институтын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматтар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі