
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті (кеден басқармасы), облыстық кәсіпкерлер палатасымен («Атамекен» ҰКП) бірлесіп, сәйкестікті растау жөніндегі құжаттарды рәсімдеу кезінде бизнес тарапынан бұзушылықтардың алдын-алу және СЭҚ қатысушылары үшін сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімді әкелу тәртібін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 20-шы қарашасында облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында аумақтың кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуді ТРжМК Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Әуелбек Қамзаев ашып, ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңының 26-шы бабының 1 тармағына сәйкес, сәйкестікті растау объектілеріне өнімдер, процесстер жататынын айтты. Міндетті сәйкестікті растауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.04.2005ж №367 Қаулысымен (ҚР ҮҚ 27.04.2015ж №357 өзгерістер енгізілген) бекітілген «Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер және қызметтер тізімі»-не енген өнімдер жататындығын, сонымен қатар, Кеден одағы Комиссиясының 07.04.2011ж №620 Шешімімен бекітілген «Кеден одағы аясындағы бірыңғай құжат берілетін міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімдер тізімі»-не енген өнімдер жататындығы атады. Міндетті түрде сәйкесті растауға жататын өнімдер техникалық регламенттермен анықталатындығы айтылды.
Содан кейін ол қабылданған ішкі нарықта талапқа сәйкес емес өнімдерден қорғаудың шараларына тоқталды, оның ішінде сәйкестікті растаудың заңсыз берілген құжаттарының (сұр) жолын кесу, өнімдерге заңсыз берілген сәйкестікті растау құжаттарына(сәйкестік сертификаттары, декларация) жол бермеу жөнінде шаралар алгоритмі мәселелеріне тоқталды.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының сарапшы-аудиторы Бахыт Шаханова өнімдердің сәйкестігін растау процедураларына толық тоқталды.
Облыстық кірістер департаментінің басқарма басшысы Әли Майхиев сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) қатысушылары үшін сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімді әкелу тәртібіне тоқталып, түсіндірме берді.
Кездесуде пікір алмасу болды. Кездесуге қатысушылардан түскен сұрақтарға толық және тыңғылықты жауаптар берілді.
ТржМК Қызылорда облысы бойынша департаменті