Мемлекет басшысы 2014 жылғы 17 сәуірде жол жүрісі саласындағы құқықтық нормаларды шоғырландыратын «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды.
«Жол жүрісі туралы» Заң жол жүрісін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, жол жүрісі процесін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Негізгі Заңда жол жүрісі саласындағы мүдделі мемлекеттік органдардың құзыреті, интеллектуалды көлік жүйесін енгізу негіздері, жол жүрісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалады.
Заңда шұғыл қимылдайтын қызметтердің жол-көлік оқиғаларына жедел ден қоюы және зардап шеккендерге тиімді көмек көрсетуі мақсатында ЭРА-ГЛОНАСС жүйесін пайдаланумен авариялар кезінде шұғыл ден қою жүйесі енгізілді.
Жол жүрісі туралы конвенцияның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүргізуші куәліктерінің жаңа үлгісі енгізілетін болады, оларда 7: А, В, С, D, BE, CE, DE санаты мен 6: А1, В1, С1, D1, C1E, D1E кіші санаттары бар. Жаңа куәліктер оларды бірінші рет алып жатқан адамдарға беріледі, бар жүргізуші куәліктер олардың қолдану мерзімі біткенге дейін жарамды болады, жаңа куәліктерге ауыстыру адамдардың еркі бойынша жүзеге асырылады.
Оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлауы сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, өздігімен реттелетін кәсіптік бірлестіктерді құру арқылы көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша қызметті ұйымдастыруда жаңа тәсілдер айқындалды. Бұл жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда аккредиттеуден өткен және аккредиттеу туралы куәлік алған коммерциялық емес ұйым болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жол жүрісіне қатысушылардың, жол жүрісі саласын ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтары осы Заңның шеңберінде реттеледі.
Жол жүрісін ұйымдастыру мәселелерін реттеу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органға аумақты ұйымдастыру схемаларын әзірлеу кезінде аумақтық-көліктік жоспарлау талаптарын ескеру міндеті жүктеледі.
Заңда жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылмайтын және шыққан жылынан төрт жыл аспаған көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өтуден босататын нормалар көзделген.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізді, атап айтсақ:
1) мүгедектер үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою қағидаларын; оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлауықағидаларын, Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін; көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, жаңа көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды мойындағаны не бергені үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін жаңа баптар енгізіледі;
2)«көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы», «көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң жүрудің белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi», «жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту», «маневр жасау ережелерін бұзу», «көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу», «көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу»сияқты және басқа да құқық бұзушылықтар құрамы бойынша айыппұл санкциялары көбейтілген;
3) Мемлекет басшысының автокөлікті мас күйде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін құқық бұзушылықтың осы түрі үшін басқару құқығынан айыру мерзімдері бірінші рет – 3 жылға, екінші рет – 6 жылға және әкімшілік қамауды 15 тәулікке, үшінші рет – 10 жылға және әкімшілк қамауды 30 тәулікке көбейтілді.
Салық кодексіне мынадай жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерге:
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999цифрмен белгіленгенМТНБбергенi үшiн – 13 700 пайыз;
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777цифрмен белгіленгенМТНБ бергенi үшiн – 22 800 пайыз жоғары баждарды белгілеу бөлігінде толықтырулар енгізілді.
«Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың ережелері алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтетін нормалары алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті