Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған мерекелік кеш өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылдың 22 қарашасында №698 жарлығымен мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні бекітілген. Себебі, мәдениет саласы ел мерейін асырып, халықтың рухани дүниесін кеңейтіп, ізгілікті еңбек етіп, қарышты қадам басқан қазақ елі мәдениеттің мәртебемін арттырып, өз үлестерін қосып келеді. Осы салада еңбек етіп жатқан белгілі азаматтарға аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың алғыс хаты табыс етілді.