Шиелі ауданындағы Алмалы ауылдық округіндегі №181 орта мектепті және ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында күн және жел батареясымен жұмыс жасайтын қондырғы орнатылды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қондырғы Алматы қаласындағы «Грунфос Қазақстан» ЖШС мекемесі гранты бойынша 2008 жылы мектеп ауласына тегін орнатылған болатын. Оның құны 6 млн. теңге тұрады. Одан таза ауыз су шығады. Арада 5-6 жыл өтсе де аталған қондырғы үздіксіз жұмыс жасап бүгінде №181 орта мектептің қажеттілігіне және ауыл тұрғындары бекітілген кестеге сәйкес ауыз суды тұтынып отыр.