Жеңіс - жетекші партияның жергілікті филиалында

Астанада өткен "Ең үздік бастауыш партия ұйымы" байқауының үшінші кезеңінде "Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық филиалы жеңіспен оралды. Республикалық байқауда І санат бойынша «ҚазТемірТранс» БПҰ бірінші орынды және 700 теңге қаржылай сыйлықты иеленді. БПҰ-ның төрағасы Алмаз Дәуітбаев бұл жеңіс еліміздегі барша теміржолшылардың жеңісі екенін атап өтті.
Елордамыз Астанада екі күнге созылған бастауыш партия ұйымдарының Республикалық форумының жалғасы қызылордалық нұротандықтардың жұмыстарына берілген жоғары баға ,үлкен жетістік болды. Еске сала кетсек республикалық форум партия тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 600-ден астам адам қатысты,олардың ішінде партиялық бастауыш ұйымдардың төрағалары мен партия белсенділері бар . Қазіргі таңда елімізде 1 млн-нан астам партия мүшелерін біріктіретін «Нұр Отан» партиясының 6 мыңға жуық бастауыш ұйымы бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2018 г. 851 0