Облыс халқының 28,2 пайызын жастар құрайды

Облыс халқының 28,2 пайызын жастар құрайдыОблыстық статистика департаменті деректеріне сүйенсек,, біздің өңірде Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14-29 жас аралығындағы 204666 азамат тіркелген. Олар аймақтағы жалпы халықтың 28,2 пайызын құрайды. 
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жандос Базартайдың  баяндауынша, елдің болашағы саналатын жастарға өмірлік көзқарасы, тәжірибесі мен мүмкіншілігі әртүрлі 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар жатады. Оның ішінде ауыл жастары – 135445 (66,2 пайыз), қала жастары – 69221 (33,8 пайыз). 204666 жастың экономикалық белсенді тобына 117977 адам кіреді, оның ішінде жұмыссыздар саны 7904 адам. Ал, экономикалық белсенді еместер 73059 адам. Оның ішінде күндізгі оқуда – 61588, үй шаруашылығында – 5590, өзге де себептер бойынша 5881 адам бар.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 мамыр 2014 г. 689 0