« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
№2 «Мұрагер» мектебінде Қызылорда облысының Полиция департаменті және Қызылорда облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі мектеп, колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, балабақша мамандары, қала және аудандық полиция бөлімдерінің жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің бастықтары және ювеналды полиция бөліністері қызметкерлерінің қатысуымен «Білім беру ұйымдарында төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте «Облыс көлеміндегі тәрбие саласының мамандарын білім беру ұйымдарының қауіпсіздік шараларын күшейтуге жұмылдыру» тақырыбында білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымованың, «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың жай-күйі және төтенше оқиғалардың алдын-алу бағыттары» тақырыбында (Керчь оқиғасы бойынша арнайы дайындалған бейне сюжет көрсету арқылы) Қызылорда ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ердаулет Жаукеевтің, «Төтенше жағдай кезіндегі террористік тұрғыдағы осал обьектілердің басшылары және қызметшілерінің міндеттері мен іс-қимылдары» тақырыбында Қызылорда ОПД ЭҚІҚБ бастығы полиция полковнигі Қуаныш Оразовтың, «Балалар психологиясы жөніндегі психолог маманның кеңесі» тақырыбында психолог маман Жансая Бижанова, «Колледж студенттерін төтенше жағдайларға дайындау» тақырыбында Шиелі индустриалды-аграрлық колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Дайрақұловтың, «Біз қауіпсіз елдің жастарымыз» тақырыбында Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі, радио-электроника және байланыс мамандығының 3 курс студенті Ержан Жамбылдың баяндамалары тыңдалды.
Қызылорда облысының білім беру ұйымдарының ғимараттарында, аулаларында оқушылар мен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі алгоритмі қабылданып, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының білім басқармасының басшыларымен бірлескен бұйрығымен бекітілді.
Семинар- кеңес барысында Қызылорда облысының аумағында орналасқан мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының және орта арнаулы білім беру ұйымдарының ғимараттары немесе аулаларында оқушылар (тәрбиеленушілер) мен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы білім беру ұйымдарының мамандары мен полиция инспекторларының кез - келген төтенше оқиғаларға дайындық жұмыстарын пысықтау бағытындағы әрекет ету алгоритмі таратылды.
Семинар-кеңес соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |